Ұйқы туралы қызықты мәліметтер

Ұйқы – ғалымдар шеше алмаған жұмбақ. Адамның өмірінде үлкен рөл атқаратынына қарамастан, бұл процесстің қалай өрбитінің айту қиын. Ол жайлы қандай фактілер білесіздер?

ұй

  1. Жаңа туылған нәрестелер бір тәулікте 14-17 сағат ұйықтайды.
  2. Төсекте жатып музыка тыңдайдын адамдар, жылдамырақ ұйықтайды және олардың ұйқысы қатты болады. Өйткені, музыка жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді.
  3. Түнде көрген түстердің 90%-ы есте қалмайды.
  4. Барлық адамдардың ұйқышыл болу және шаршау уақыты: шамамен 14:00 және 02:00.
  5. Біз өміріміздің үштен бір бөлігін ұйқымен өткіземіз.
  6. Ұйқысыз, адамның жұмысқа қабілеттілігі 16 сағатан кейін төмендейді.
  7. Соқыр кісілерде түс көреді, әсіресе қорқынышты.
  8. Егер 10 түн бойы 6 сағаттан ұйықтасаңыз, сіздің есте сақтау қабілетіңіз төмендеп, теңгерімсіздік пайда болып және түсініксіз сөйлейтін боласыз. Сол себепті ғалымдар, бір тәулікте 8 сағат ұйықтауға кеңес береді.
  9. 1965 жылы Ренди Гардтнер есімді жігіт, 11 тәулік бойы ұйықтамай Гиннестар кітабына енді.
  10. Психикалық аурулар ғана түс көрмейді.
  11. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде басынан жарақат алған венгриялық жауынгер, 40 жыл бойы ұйықтамаған.
  12. Ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдардың иммундық жүйесі төмен және жұқпалы ауруларды жұқтыру қауіпі жоғары.
  13. Адамдар бір түнде 7 түрлі түс көре алады.
  14. Біз түсімізде бөтен адамды көре алмаймыз. Түс көру кезіндегі кейіпкерлердің барлығын, шынайы өмірде көргенбіз.
  15. Адам – ұйқыдан бас тарта алатын жалғыз сүтқоректі.
  16. Ғалымдар жануарлар түс көретінін дәлелдей алмады.
  17. Ұйқы жетіспейтіндер семіздікке бейім болады.
  18. Леонардо да Винчи өте аз уақыт ұйықтаған, шамамен 2 сағат ғана. Ал Альберт Эйнштейн керісінше күніне 10 сағат ұйықтап, өз ғылыми жетістіктерін алдымен түсінде көргенін айтты.
  19. Американдық сарапшылар, ұзақ өмір сүру үшін, күнделікті 6,5-7,5 сағат ұйқы қажет деген тұжырымға келді.
  20. Алғашқы оятқыш сағаты 1787 жылы пайда болды.