Инстаграм парақшасын өшіру

Инстаграм – суретке түсіп, достарыңызбен бөлісуге мүмкіндік беретін әлеуметтік желі. Бірақ кейбір жағдайларда парақшаны өшіру керек. Төменде Инста парақшасын қалай жабу керектігін көрсетемін.

ИНСТАГРАМ ПАРАҚШАСЫН УАҚЫТША ӨШІРУ

Сіз телефон арқылы да, компьютер арқылы да өшіре аласыз. Бірақ ұялы телефоннан өшіру үшін, сізге браузерді қолдану керек.

Ұқсас мақала: ВК парақшасын өшіру

1. Профильіңізге кіріп, «Редактировать профиль» түймешігін басыңыз.

2. Төменге түсіп, «Временно заблокировать мой аккаунт» дегенді басыңыз.

3. Бұдан кейін Инста парақшасын өшірудің себебін белгілеп, парльді жазып, «Временно заблокировать аккаунт» батырмасын таңдаңыз.

Осымен болды. Бұл әдістің артықшылығы, аккаунтқа қайта кірсеңіз, ол автоматты түрде қосылады.

ПАРАҚШАНЫ МӘҢІГІЛІККЕ ӨШІРУ

Instagram-ді толық қайтару үшін мына  сілтемеге кіріңіз: https://www.instagram.com/accounts/remove/request/permanent/

Бұл жерде: өшіру себебін, аккаунттын парольін және «Безвозвратно удалить мой аккаунт» дегенді басыңыз.