Ертіс өзені туралы мәлімет

Ертіс өзені, Қазақстан үшін тұщы судың маңызды көзі болып табылады, ол Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Павлодар, Екібастұз және Теміртау қалаларын сумен қамтамасыз етеді.

evening-3804162_640

Жалпы ауданы – 1643 мың км2. Ол Қытай (525 км), Қазақстан (1700 км) және Ресей (2010 км) аумағы арқылы ағып өтеді. Өзеннің көзі Моңғолия мен Қытай елдерінде, Алтай жотасының шығыс беткейінде орналасқан. Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен еніп, Зайсан көліне құйылады. Көлден шыққан соң, қазақтың құрғақ даласы арқылы солтүстік-батысқа қарай бағыт алады. Ары қарай, Ресейдің аумағына өтіп, Обь өзеніне құйылады.

Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ бұл аймақта су өте аз. Жазда құрғап кететін бірнеше кішкентай өзендер, халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Сол себепті, 1974 жылы ұзындығы 458 км-дан асатын үлкен Ертіс-Қарағанды ​​каналы салынды. Арнаның екінші кезеңі Жезқазғанға дейін созылған. Ол Павлодар және Қарағанды ​​облыстарын сумен қамтамасыз етуде.

Бұл  өзен – Сібір мен Қазақстан арасындағы кеме жүретін маңызды канал болып саналады. Сондай-ақ, бұл өзенде су электр станциялары мен бөгеттер салынған. Олар: Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі. Жобаға сәйкес, олардың саны 13 болуы керек еді, бірақ, судың деңгейінің төмендеуіне байланысты, билік өкілдері бұл жоспардан бас тартуға мәжбүр болды.

Мамандардың айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде Ертіс ағысы 3 есе азайды. Қазіргі уақытта Қытай суды жылына 1,0-1,5 км3 көлемінде алады, ал болашақта оны 4,0-5,0 км3 көлемге дейін көбейту жоспарлануда. Бұл жағдайда Бұқтырма мен Шүлбі су қоймалары сусыз қалуы мүмкін. Қытайдың бұл әрекеттері, Қазақстан мен Ресейдің наразылығын туғызып жатыр. Егер, осы жобалар іске асырылса, Шығыс және Орталық Қазақстанға экологиялық апат қаупі төнеді. Жалпы айтқанда, өзеннің келешегі – Қытайға байланысты.

Ол балыққа бай. Мұнда сүйрік, сылан, бекіре, шортан, алабұға және шоқыр балықтары өмір сүреді. Сонымен қатар, өзеннің алқабында орналасқан көптеген табиғи ескерткіштер, тарихи орындар, туристік маршруттар және археологиялық ескерткіштер, оның танымал демалыс орнына айналуына себеп болды.

Ұқсас: Ніл өзені туралы қызықты мәліметтер