Чукчалар туралы мәлімет

Чукчалар – солтүстік-шығыс Азияның байырғы тұрғындары. Бұл халық жайлы қызықты мәліметтер көп, солармен таныс болыңыздар.

.jpg

Олар эмоционалды, жылдам ашуланатын, өлтіруге немесе өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдар. Чукчалар тәуелсіздікті жақсы көреді және оны сақтап қалу үшін үлкен ерліктер жасаған. Бірақ, сонымен бірге бұл халық өте қонақжай және ақкөңіл, көмек сұрап келгендерге әрқашан қол ұшын созуға дайын.

Чукча халқының орташа өмір сүру ұзақтығы төмен. Шамамен 42-45 жас. Мұның себептері: алкогольдік ішімдіктерді ішу, темекі шегу және дұрыс тамақтанбау болып табылады. Чукоткада жасы 75-ке жеткен 200 адам ғана бар. Сондай-ақ, бала туу деңгейі төмендеп келеді, өкінішке орай, болашақта олар жойылып кетуі әбден мүмкін.

Әдетте, ер адамның 2 немесе 3 әйелі болады. Егер отағасы қайтыс болса, оның әйелі күйеуінің жақын туыстарының біреуіне тұрмысқа шығуға құқығы бар. Өйткені, жалғыз әйелге балаларды асырау қиынға соғады. Жесір әйелге үйленген еркек, оның барлық балаларын асырауға міндетті. Чукчаларда қыз алып қашу дәстүрі бар. Бірақ, қыздың ата-анасы, оның орнына басқа әйелді талап етуі мүмкін. Себебі, үйдің шаруасымен айналысатын адам болу керек.

Жүкті әйелге, жын-шайтандарды жақындатпау үшін, бала туу кезінде айғайлауға болмайды. Сонымен қатар, баланы ешкімнің көмегісіз тууы керек. Егер, ұзақ уақыт бойы босана алмай жатса, туысқандары еріксіз көмекке келеді. Бірақ, осы сәттен бастап, оған жек көрушілікпен қарайды.

Олардың негізгі тағамы – ет, оны піскен және шикідей түрде жей береді. Шикі күйінде миды, көзді, бауырды және бүйректі жейді. Жапырақтармен тамақтанатын отбасыларды да көруге болады.