Бұлбұл құсы туралы мәлімет

Ауыл тұрғыны да, қала тұрғыны да, бұлбұл құсының әндерін асыға күтеді. Дауысы керемет болғанымен, бұл құстар сыртқы сұлулығымен ерекшеленбейді. Оларды торғайлармен оңай шатастырып алуға болады.

.jpg

Ұзақ уақыт бойы, бұл ерекше құстардың өмірі туралы ақпарат аз болатын, өйткені олар адамдардың назарынан тыс аймақтарда тіршілік етуге тырысатын. Жасырын камералардың және басқа да құрылғылардың көмегімен, бұлбұлдар жайлы көптеген мәліметтер анықталды.

Қазіргі уақытта, бұлбұлдың 14 түрі белгілі. Оның салмағы – 25 г, ал денесінің ұзындығы – 16-17 см. Өмір сүру ұзақтығы 8-10 жыл, кейбір түрлері 12 жылға дейін тіршілік етеді. Қысқы мерзімде жылы жаққа қоныс аударады. Әдетте, бұл Шығыс Африка аумағы. Өз ұяларына тек мамырдың басында қайтып келеді.

Бұлбұлдар ылғал жерлерді ұнатады. Олар көбінесе өзеннің маңында өсетін талдар мен бұталарда мекендейді. Кейбір жағдайларда, бұл құстарды батпақтақты жерлерде және саябақтарда кездестіруге болады. Оларды шөлді аймақтарда кездестіру мүмкін емес.

Өз әндерін мамыр айында бастап, жаздың аяғына дейін шырқайды.  Әр ән 12 қайталанатын элементтерден тұрады. Әнді тек еркектері ғана айтады, олар осы әрекетпен өз аумағын белгілейді және ұрғашылардың назарын аударады. Балапандары өскен соң, өлең айтуын тоқтатады.

Бұлбұл құсы табиғатта маңызды рөл атқарады. Ол бақшалардағы және саябақтардағы зиянкестердің таралуына жол бермейді. Олар құрттармен, қоңыздармен, шыбындармен, өрмекшілермен, құмырсқалармен және т.б. жердегі жәндіктермен қоректенеді. Күзгі мерзімде, өз мәзіріне жидектерді қосады.

Ұқсас: Тоқылдақ туралы қызықты мәліметтер