Бактериялар туралы мәлімет

Бактериялар барлық жерде кездеседі. Олар адамның денесінде өте көп, қанша екенін ешкім айта алмайды. Бірақ, бұл микроағзалардың барлығы зиянды емес, тірі ағзаның қалыпты өмір сүруіне көмегін тигізетіндері де бар.

Бактериялар 4 миллиард жыл бұрын пайда болған. Жер бетіндегі алғашқы тірі ағзалар болып саналады.

Зерттеулерге сәйкес, ұялы телефонның экранындағы микробтардың саны, дәретхананың табағынан бірнеше есе көп.

Біздің денемізде, оның мыңдаған түрлері тіршілік етеді және олардың жалпы салмағы – 2 килограммнан асады. Адамның өмірінің бастапқы кезеңінде, иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі.

Адамдардың ауызында шамамен 40000 бактерия өмір сүреді. Бірақ, сүйісу кезінде берілетін микробтардың 95%-ы қауіпті емес.

Шыбындардан аулақ болыңыз, бұл жәндіктердің денесінде 6 миллион бактерияға дейін болады.

Асқазанның ойық жарасы – зиянды микроорганизмдердің кесірінен туындайтының дәлелдеу үшін, американдық ғалым бактерияларды сумен араластырып, ішіп отырған. Нәтижесінде, айтылған ауру пайда болып, ол Нобель сыйлығына ие болды.

Ең көп зиянды микроағзалар – супермаркеттегі арбашалардың ұстағыштарында екені анықталды. Екінші орында – компьютерлік тышқандар, ал үшінші орында – дәретхананың есігіндегі тұтқалар.

Әлемнің ең төменгі нүктесі – Мариан шұңғымасында, осы күнге дейін белгісіз болған, 13 жаңа түрі табылды. Жасы шамамен – 1 миллиард жыл.

Ғалымдардың айтуынша, әлемде бактериялардың миллиондаған түрлері бар. Бірақ, олардың 10 мыңы ғана зерттелген.

Бактериялар, өлімге апаратын ауруларды тудырады (туберкулез, оба, сифилис, күйдіргі және т.б.).

Орташа көлемі – 0,5-5 микрометр.

Қағаз сүлгісімен қол сүрткен кезде, біз 45-60% бактериядан құтыламыз.

Әйелдерге қарағанда, ер адамдар жұмыс істейтін жерде көбірек кездеседі.

Майонез – тамақтан уланудың басты себепкері болғанымен, бактериялардың көбеюін баяулатады.

Оларды алғашқы рет өз көзімен, микроскоптың көмегімен 17-ғасырда байқады.