Автокөлікті сатып алу кезінде қалай тексеру керек?

Статистикаға сүйенсек, автокөлік сатып алған қазақстандықтардың 30%-ы оны пайдаланудың алғашқы айларында көптеген проблемаларды анықтап, оларды жою үшін үлкен қаржы шығындарына ұшырайды. Автокөлікті қалай дұрыс тексеру керек?

Ең алдымен көлік құралының төлқұжатын (ПТС)  көрсетуін талап етіңіз, оны автокөлік иесінің жеке куәлігімен және автокөліктегі VIN-номермен сәйкес екендігін көреміз. Содан кейін көлікті визуалды тексеріп алыңыз, ары қарай тест-драйв өткізіңіз. Аяғында автокөлікті сарапшыларға апарып, машинаның барлық техникалық кемшіліктерін анықтаңыз. Тек осыдан кейін шешім қабылдаңыз.

Автокөлік жорығын тексеру

Автокөлік сатушыларының 50%-дан астамы жүгірісті  айналдырады. Бұл процедураның бағасы 5000-15000 тенге. Көлік иесі нәтижесінде автокөлікті қымбат бағаға сатуға мүмкіндігі артады. Алданып қалмас үшін көлікті мұқият тексеріңіз немесе сарапшылардың көмегіне жүгініңіз.

Автомобильдің сыртын тексеру    

Қақпақ (капот)

Қақпақтын қалай ашылып жабылатынын тексереміз. Қақпақтың ішкі жағында зақымданулар, майлы дақтар немесе тот (ржавчиана) бар ма екенін қарап алыңыз.

Қозғалтқыш   

-қозғалтқыштың барлық агрегаттарында майлы дақтардың жоқ екеніне көзімізді жеткіземіз. Егер қозғалтқыш жуылып тұрса, бұл күмән тудыруы керек. Жуылмаған қозғалтқышта барлық жолақтар бірден көрінеді.

-майдың деңгейін тексереміз. Оның құрамын және консистенциясын қараймыз. – қозғалтқышты іске қосып, оның қалай жұмыс істейтінің тындаймыз. Ешқандай сыртқы дыбыстың болмауы керек.

Шанақ(кузов)       

-автокөлікті жақыннан және 3-5 метр ара қашықтықтан, барлық ракурстардан көріп алыңыз. Машинаның бояуында айырмашылық бар ма екенін қарап шығыңыз.

-мұқият алдынан және артынан қараймыз. Есіктер мықты жабық болып тұруы тиіс. Егер есіктер корпустың сыртына шығып тұрса немесе керісінше, олар ішке қарай кіріп тұрса – оның себептерін анықтаңыз. Бұндай жағдай апаттан кейін болуы әбден мүмкін.

-сол сияқты жүксалғыштың есігін қараңыз, түстері сәйкес, геометриясы түзу және дұрыс жабылуы керек.

-алдыңғы бамперді тексеріңіз. Ол дұрыс тұрма, әлде бұрмаланулар бар ма? Сызықтары, сынған жерлері және тігістері болмау керек.

Дөңгелек

-дискілерді зақымданған жері барма екенін тексеріңіз. Майысқанын немесе қисайған жерін байқаңыз.

-дөңгелектердегі қысымды тексеріңіз, олардың бәрі бірдей болуы керек.

Интерьерді қарау

-табалдырықтарда коррозия барма екенін тексереміз. Металл затпен бірнеше соққы жасаңыз. Табалдырық – автомобильдің ең әлсіз жерлерінің бірі, ол тез шіріп кетеді.

-орындықтардың жағдайын қарап алыңыз.

-автокөліктің төбесіне назар аударыңыз. Су тамшылап тұрған жер болса, люкты тексеріп көріңіз.

Беріліс қорабы (КПП), қол тежегіші (ручной тормоз)     

-беріліс қорабының жұмысын тексеріңіз. Қорабтың келесі жылдамдыққа қалай салынатынына көңіл бөліңіз.

-қол тежегішін үстіге көтеріңіз. Даусы анық естілуі тиіс, мықты бекітіліп, қайтарылмауы тиіс.

Көліктің жүрісіне назар аудару

-орнынан қозғалу еш жұлқыныссыз болуы керек. Педальды басқанда бөгде дыбыс болмасын.

-жүріс кезінде жеделдету, бұрылыс, беріліс ауыстырудын түзулігін тексеріңіз. Кедергілер бар жерден өткенде соққылар барма екенін естіңіз.

-тежеу байсалды болуы керек. Егер тежеу ​​басқан кезде автокөлікті оңға не молға алып кетсе, онда дереу жөндеу қажет, өйткені бұл қауіпті.

-тоқтаңыз. Машинадан шығыңыз. Дөңгелектер қызып кеткенбе тексеріңіз. Қолыңызға қағаз алыңыз да, оны газ шығаратын түтікке қойып, көмекшіңізге «газға» екі-үш бассын деп сұраңыз. Қағазда тамшылар пайда болды ма? Бұл конденсат немесе май болуы мүмкін. Cебебін анықтау қажет.

Егер өзіңізге сенімді болмасаңыз, онда машинаны мамандырылған диагностикалық орталыққа апарып шеберлерге көрсетіңіз.Енді автокөлік сатып алу алдында оын қалай тексеру екендігін білесіз. Сәттілік тілейміз!