Ауған соғысы туралы мәлімет

1979 жылы Кеңес әскерімен Ауғанстан мемлекеті арасындағы соғыс, 10 жылға созылады деп ешкім ойламаған. Бұл соғыс жайлы мәліметтер жинағымен таныс болыңыз.

.jpg
Фото: myslo.ru/

Соғыс кезінде Кеңес әскерінің 15000 сарбазы қайтыс болып, 53000 адамы жарақат алды. Қаза болған ауғандардың саны – 1 милионнан асады.

1988 жылдың 7 қаңтарында Ауғанстанның Хост қаласында болған әйгілі шайқастың негізінде, «Тоғызыншы рота» атты фильм түсірілді. Тоғызыншы ротаның 39 сарбазы, шамамен 400 қарсыластың шабуылына тойтарыс бере алған.

Алғашқы мұсылман батальоні 1979 жылы Өзбекстанда құрылды. Ал екінші мұсылмандық батальон 1980 жылы Қазақстанның Қапшағай қаласында қалыптасты.

Кеңес әскері Ауған жерінде 9 жыл 64 күн болды.

КСРО соғыс шығындарына, жылына 2-3 миллиард доллар ақша жұмсап отырған. Сондықтан Ауған соғысы, Кеңес Одағының ыдырауына ықпал еткен себептердің бірі болып табылады.

Қазақстан бұл соғыста 924 жауынгерінен айырылды.

Тұтқынға түскен сарбаздарға, алдымен ислам дінін қабылдауға ұсыныс жасалған. Бас тартқандар, өлім жазасына кесілген.

10 жылдың ішінде ауғандардың тұтқынына 417 адам түсті. Олардың 130-ы ғана Отанына оралды.

Отанына қайтып оралған көптеген жауынгерлер, бұл өмірде өз орнын таба алмады. Суицид бойынша, ең жоғары деңгей Ауған соғысы ардагерлерінде болды. Батылдық көрсеткені үшін, 86 сарбаз Кеңес Одағы Батыры атағына ие болды.