Ана туралы шығарма

.jpg

Ана – әр бала үшін ең қымбат адам. Мен оны қатты жақсы көремін. Анаға барлық сырларды айтуға болады. Ол мейірімді, жұмсақ және қамқор адам. Біз анамыздың бар болғаны үшін қуануымыз керек. Өйткені, көптеген балалар анасыз өмір сүріп жатыр. Сондықтан, мен оны ренжітпеуге, оған көмектесуге және үмітін ақтауға тырысамын.

Менің анашым маған өмір сыйлады. Ол мені тамақтандырды, жуындырды, киіндірді және маған әрқашан көмек көрсетуге дайын. Қиын кезде әрдайым қасыннан табылатын абзал жан. Оның ризашылығын алу үшін үй-жинап, ыдыс жуып және қолындағы ауыр заттарды көтеруге көмектесемін. Анашынды сүй және құрметте! Бұл өмірде сенде басқа ана болмайды!

Сәбидің ең алғашқы сөзі – «мама». Ол сені әрқашан кешіреді және бүкіл әлемнен қорғайды. Біз оларға өмір бойы қарыздар боламыз. «Ғашықтар – 1 жыл, достар – 5 жыл, ал ана – мәңгілік» деген мәтел бар. Өз анама – мол бақыт, денсаулық, жұмыста табыс және ұзақ өмір тілеймін!