Алманың пайдасы және зияны

Алма – тәтті және пайдалы жеміс! Оның құрамында, адам қажет ететін дәрумендер мен минералдар бар екені, бұрыннан бері белгілі.

алманың
Фото: novostipmr.com

Алманың тарихы мыңдаған жылдар бұрын басталған. Бұл жеміс көптеген мемлекеттердің мәдениетінде ерекше орын алады. Ежелгі данышпандар – күніне 2 алманы жейтін адам, ешқашан ауырмайды деп айтқан. Олар қателеспеген, өйткені оның құрамында: B, C, E, калий, кальций, магний, йод, және пектин дәрумендері бар.

Артықшылықтары:

  • Дәрігерлер көптеген аурулардың алдың алу үшін, күніне бір алма жеуге кеңес береді.
  • Жасыл алмадан аллергия болмайды.
  • Ол шөлді басады. Өйткені, 87%-ға судан тұрады.
  • Құрамындағы калий мен кальций, тіс эмальін және сүйектерді қатайтады.
  • Алма – калориясы аз жеміс болып табылады. Сол себепті, артық салмақ тастау диеталарында міндетті түрде болады.
  • Бір күнде 2 алма жейтін болсаңыз, холестерин деңгейі 16%-ға төмендейді.
  • Алмалар теріге пайдалы. Ол бетті ағартып, терідегі ұсақ тесіктерді және қабынуды кетіруге көмектеседі.
  • Алманың құрамындағы мырыш (цинк) иммундық жүйені нығайтуға және арықтауға көмектеседі.
  • Инсульттін болу мүмкіндігін 50%-ға азайтады.
  • Ғалымдардың айтуынша, алманы тұрақты түрде тұтыну, асқазан безінің қатерлі ісігінен (рак поджелудочной железы) сақтайды.
  • Асқорытуды жақсартады және ішекті тазартады. Таза ішек – зор денсаулықтың кілті.
  • Жасыл алма ұзақ уақыт бойы қортылады. Сондықтан, аштық сезімі білінбейді.
  • Ішек инфекциялары кезінде пайдалы. Өйткені, оның құрамында каротин, темір және марганец бар.
  • Бұл жемістің көмегімен гастрит ауруын емдеуге болады. Ол үшін оны жақсылап жуып, таңертен жеу керек.
  • Йод – алманың құрамында көп мөлшерде болады. Ол – қалқанша безі (щитовидная железа) ауруының алдын алуына көмегін тигізеді.
  • Алма шырыны мидың қартаюна жол беремейді. Сондықтан, Альцгеймер ауруына шалдығу мүмкіндігі төмендейді.
  • А витамині – тұмаудан және басқа да жұқпалы аурулардан сақтайды.