Әлемнің жеті кереметі туралы мәлімет

колосы

Ежелгі адамдар, «әлемнің жеті кереметі» деп аталатын ұлы ғимараттар, Жер бетінен жоғалып кетеді деп ойламаған. Бірақ ХХIші ғасырға дейін Хеопс пирамидалары ғана жетті.


Хеопс пирамидалары

пирамидасы

Оның құрылысы шамамен 5000 жыл бұрын басталып, 20 жылға созылды.

Пирамиданың биіктігі – 138 метр.     

Пирамиданың жалпы салмағы шамамен 6,25 миллион тонна.

Ол 2,5 миллион тас блоктан тұрады. Бір блоктың салмағы – 2,5 миллион тонна.

Жалпы көлемі 53 мың шаршы метрді құрайды (10 футбол алаңымен тең).

Тарихшылардың айтуы бойынша, бұл Египет фараоны Хеопстің қабірі.

Пирамиданың құрылысына 100 мың адам қатысты.


Семирамида аспалы бағы

бағы

Бұл аңызға айналған ғимарат, б.з.д. 605 жылы құрылған. Алайда шамамен 40-50 жылдан кейін, су тасқыны үшін жойылып кетті.

Семирамида аспалы бағын Вавилон патшасы, әйеліне арнап салған екен.

Бақтың ішінде көптеген сарқырамалар мен фонтандар орнатылды. Мұнда үйректер, бақалар және көбелектер кездестіруге болатын.

Дегенмен, бұл керемет ғимарат, тек қана патшайым мен оның жақын адамдары үшін құрылған сарай. Сарайдың сыртындағы халық, қарапайым судың өзіне қолын жеткізе алмайтын.


Зевстің алтын мүсіні

жеті кереметі
Зевс мүсінінің биіктігі – 17 метр болған, бұл 5 қабатты үймен бірдей.

Ғибадатхананың құрылысы 10 жылға созылды.

Зевстің мүсіні орналасқан ғибадатхана толығымен мәрмәрдән жасалған.

Мүсін 800 жыл тұрып, өрт кезінде жойылды.

Ғибадатхананың ені 64 метр, ал ұзындығы – 27 метрді құрады.

Мүсінді жасаған адамның есімі – Фидий.

Бұл әлемнің 7 кереметіне жататын мүсінді жасауға, 200 килограмм алтын кетті.


Артемида ғибадатханасы

ғибадатханасы

Ғибадатхананың құрылысы б.з.д. 550 жылы аяқталды. Құрылыс 120 жылға созылды.

Артемида мүсіні пілдің сүйегі және алтыннан жасалды.

Храмның ұзындығы 105 метр, ал ені- 51 м.

127 бағаннан тұрды, әр бағанның биіктігі – 18 метр.

Бұл әлемнің кереметін, Герострат есімді адам өртеп жіберді. Сөйтіп, бір ғасыр бойы салынған храм, 1 күнде жойылып кетті.


Галикарнастағы кесене

кесене

Б.з.д. 4-ші ғасырда Мавсол есімді патша, әйелі Артемисиямен бірге, Мысыр фараондары сияқты өздеріне кесене салуға бел буды. Ең әйгілі сәулетшілермен мүсіншілер шақырылып, әлемдегі ең таңғажайып ғимараттардың бірі тұрғызылды.

Кесене 19 ғасыр тұрды. Ол тек XIII ғасырда жер сілкінісі салдарынан жойылды.

Кесененің құрылысы біздің замаңымызға дейін 353 жылы басталды.

Оның Биіктігі – 46 м.

Мавсол патша өз қабірін көрген жоқ, ол құрылыс аяқталуға 2 жыл қалғанда қайтыс болды.


Родос колосы

колосы

Бұл мүсін Күн құдайы – Гелиосқа арнап жасалған.

Мүсіннің биіктігі – 36 м. Оның құрылысына 12 жыл уақыт кетті.

Мүсін 65 жыл тұрды. Оны жер сілкінісі бұзды.

Бұл керемет құрылыс үшін, шамамен 13 тонна қола және 8 тонна темір жұмсалды.

Родостағы алып мүсін, Нью-Йорктегі Бостандық мүсіні және Рио-де-Жанейродағы Жарылқаушы Христос мүсінінің прототипі болып саналады.


Александрия шамшырағы

шамшырағы

Б.з.д. III ғасырда Александрия қаласында құрылды.

Шамшырақ – кемелердің рифтерге соғылмауы үшін салынған.

Әлемдегі ең алғашқы шамшырақ.

Александрияның маягы шамамен 1000 жыл тұрды.

Маяктың биіктігі 120-140 метр болатын. Жоғарғы жағында теңіз құдайы – Посейдонның мүсіні орнатылды.

Ұқсас: Мысыр туралы қызықты мәліметтер