Ағаштың пайдасы қандай?

Ағаштардың, жердегі экологиялық жағдайға тигізетін тікелей әсері өте үлкен. Олар болмаса, адамдар мен жануарлар өмір сүре алмас еді. Бұл – табиғат үшін маңызы зор өсімдіктердің пайдасы бар ма?

Фото: pixabay.com

Пайдасы

Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері, ауаны қажет етеді. Фотосинтез барысында ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні шығарады.

Ағаштар адамдарды тамақпен қамтамасыз етеді (алма, шие, қарақат). Сонымен қатар, оның көмегімен көптеген дәрі-дәрмектер дайындалады.

Орманды жерде серуендейтін болсаңыз, өкпедегі газ алмасу процесі ынталанып, тыныс алу жақсарады. Бұл жабық бөлмеде көп уақыт өткізетін адамдарға пайдалы.

Автокөлік түтіндерін және басқа да токсиндарды жұтып алады.

Тері қатерлі ісігі – ауа райы ыстық елдерде жиі кездесетін ауру түрі. Ағаштар зиянды сәулелердің әсерін шамамен 50%-ға азайтып, көшеде жүрген адамдарды қорғайды.

Ағаштарға жақын жерде өмір сүру, физикалық және психикалық жағдайды жақсартады. Өйткені, олар қан қысымын төмендетеді және стрессті азайтады.

Ағаштан жиһаз, қорап, сіріңке, бөрене, тақта, қаламсап және қарандаш жасалады.

Мектептегі жазатын қағазын және оқитын кітабын ағаштан жасалған.

Үлкен ағаштар су ағынын реттеп отырады. Су тасқыны және басқа да табиғи апаттардың алдын алуына көмегін тигізеді.

Жазғы мезгілде күннен қорғану үшін, ағаштың артына жасырынуға болады.

Ауылды аймақтарда ағаштарды отын ретінде, тамақ әзірлеу және суды қайнату үшін пайдаланады.


Бұл – ағаштар беретін артықшылықтардың толық тізімі емес. Бірақ осы мәліметтердің өзі, оларды сақтау және көбейту үшін жеткілікті деп ойлаймыз.